#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қала күніне арналған барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді

Шымкент қаласының 2200 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 19 маусым - Қала күні мерекесі тойланады.

Шымкент қаласының 2200 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 19 маусым — Қала күні мерекесі тойланады. Осыған орай, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 15-20 маусым аралығында 52 мерекелік іс-шараны өткізу жоспарланды.
Барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді. Шымкенттіктер мен қонақтар үшін қала орталығындағы саябақтарда кітап көрмесі, театрларда тегін қойылымдар, жаңарған, күрделі жөндеуден өткен заманауи кітапханалардың ашылу салтанаты, ашық аспан астындағы түрлі ойын-сауық кештері болады.
Айта кету керек, театр, мәдениет сарайындағы мерекелік қойылымдарға келген көрермендер Ashyq қосымшасы арқылы тексеріліп, ара қашықтықты сақтай отырып тамашалайды. Сонымен бірге іс-шараларды тамашалаушылар антисептик қолданып, бетперде тағуы міндетті.
Ал мерекелік іс-шараларының бастамасы болып бүгін сағат 15.00-де Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласының тарихы» атты жаңа кітабының тұсауы кесіледі.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...