Пойыздардың бірі рельстен шығып кетіп, екінші жолаушылар пойызына соғылған, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым ақпаратына сүйенсек, оқиға елдің оңтүстігіндегі Синдх провинциясындағы Готки қаласының аймағында болған.
Полиция өкілдері мен жергілікті тұрғындар, құтқарушылар қайтыс болған және жарақат алған жолаушыларды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген.
Әзірге оқиғаның себеп-салдары жайлы ақпарат берілген жоқ.