Кеше сағат 8:15 шамасында Теңіз кенішіндегі аялдамалардың бірінен күдік тудырған сөмке табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті алгоритмге сәйкес әрекет етті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақты қоршауға алды. Арнаулы мамандар аялдамада күдік тудырған сөмкені тексерді. Сөмкеден жарылғыш немесе өзге де қауіп төндіретін заттар табылған жоқ», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.