#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Берік Уәли: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әулетінде туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған»

Бұл туралы ҚР Президенттінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

«17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған.

Қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ телефон шалып құттықтауда», делінген Берік Уәлидің фейсбуктегі жазбасында.

Айта кетерлігі, Президенттің туған күніне орай құттықтаулар толассыз келіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар