#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындарға бұзаулы сиыр табысталды

"Nur Otan" партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне өтінішпен келген Қ.Әбдалиев ауыл округінің аз қамтамасыз етілген отбасыларына қөмек көрсетілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне Қ.Әбдалиев ауыл округінің аз қамтамасыз етілген отбасылар атынан Х.Нышанбаева, Г.Баймурзаева, К.Төреханов, Ә.Байботаева, Ә.Жылқайдаров және Р.Ертаевалар әлеуметтік көмек сұраған болатын.

Жалғыз басты аналар мен қиын жағдайда қалған тұрғындар партиядан қолдау күтетіндерін айтқан-ды. Нәтижесінде аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Саян Батырбаев және Рабат ауылының кәсіпкерлері (партия мүшелері) бірлесіп, 5 отбасыға – бұзаулы сиыр, бір отбасыға – жылқы және де азық-түліктей көмек көрсетті.

Сонымен бірге қайырымда азаматтар қосымша 10 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді. «Балық берме, қармақ бер» нақылын ұстанған депутат осылайша тұрғындардың мал шаруашылығымен айналысуына қолдау көрсетті. Өтініштері назарға алынған тұрғындар жетекшісі партияның Қазығұрт аудандық филиалы мен депутатқа, кәсіпкерлерге алғыстарын білдірді.

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мамырдың 11-не дейінгі көрсеткіштер бойынша өңірде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен 592 қабылдау өткізіліп, 1,6 мың адамның өтініші тыңдалды. Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен 299 қабылдау өткізіліп, 657 тұрғынның өтініші қаралған.

Соңғы жаңалықтар