Бүгін, яғни 13 мамырдан бастап Өскемен және Ново-Өскемен станцияларында №351/352 «Алматы – Өскемен» пойызының жолаушыларын отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kzбасылымына сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ, ҚР ИИДМ және ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылғы 13 мамыр түн ортасынан бастап күшін жойғанға дейін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен стансалары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынады», делінген құзырлы мекеме хабарламасында.
Одан өзге, компания жолаушылар сатып алынған билеттерді және тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімде темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдеріне төленген қаражатын ұстап қалмай, толық көлемде қайтарып ала алатындығын айтты.
Жолаушылар пойызының жүру тәртібі туралы барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады.