#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ұлттық банк төрағасы бензин неге қымбаттағанын түсіндірді

Елімізде ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифінің өсуіне байланысты бензин қымбаттады.

Елімізде ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифінің өсуіне байланысты бензин қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Биыл ішкі ұсыныс төмендеп, мұнай өнімін тасымалдау тарифі өсуіне байланысты бензин 11,6 пайызға қымбаттағаны байқалады», — деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы көрсеткішке тең — жеті пайыз. Нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасына байланысты азық-түлік инфляциясы 10,7 пайыздан 9,8 пайызға дейін азайған.

«Іскерлік белсенділік, халық кірісінің қалпына келуі және импорт көлемі артқанына байланысты азық-түлік емес инфляция 5,6 пайыздан 6,4 пайызға дейін көтерілді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ай сайынғы қымбаттауы 2017 жылдың қазанынан бері ең жоғары мәнді көрсетеді. Киім мен аяқ киім бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,5 пайызға дейін жеделдеді», — деді Досаев.

Соңғы жаңалықтар