#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Канело Головкинмен үшінші рет жұдырықтасқысы келеді

Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жектен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жектен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді , — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Альварестің басты шарты екінші орта салмақ лимиті. Ол GGG бір санатқа көтеріледі деп күтіп жүр.

«Шынымды айтсам, мен барлығы үшін ашықпын. GGG-мен үшінші жекпе-жекке де. Мен онымен біріктіру жекпе-жегімнен кейін жұдырықтасуға дайынмын. Бірақ жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді. Көтерілсін.

Ол менімен жұдырықтасқысы келсе, осыны істесін», — деп келтірді Boxingscene.com Альварестің сөзін.

Айта кетейік, суперорта салмақтағы чемпиондар Альварес пен Сондерстің біріктіру жекпе-жегі Арлингтонда (Техас штаты, АҚШ) 8 мамырда өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол — 9 мамыр, таңертең. Кездесуде WBC, WBO және WBA титулдары бәске тігіледі.

Головкин мексикалық боксшымен екі рет жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жектердің біреуінде екеуі тең түсіп, екінші жекпе-жекте Канело жеңді.

Соңғы жаңалықтар