#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркияда локдаун қатаңдатылады

Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатады.

Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Кaz.tengritravel.kz порталына сілтеме жасап.

«7 мамырдан бастап дүкендерде, соның ішінде желілік супермаркеттерде тек негізгі азық-түлік, гигиена құралдары, жануарларға арналған тамақ және косметикалық құралдар (парфюмерия мен макияжға арналған құралдардан басқа) сатуға рұқсат етіледі», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Елде алкоголь, электроника, ойыншықтар, канцелярия және киім сатуға тыйым салынады.

Айта кетейік, қолданыстағы шектеулерге сәйкес, Түркия тұрғындары 29 сәуірден 17 мамырға дейін негізгі азық-түлік сатып алу және жедел медициналық көмек сияқты кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, үйден шықпауы керек.

Соңғы жаңалықтар