Алматы облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймаққа енді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысы, керісінше, «қызылдан» «сары» аймаққа өтті.
Осылайша, «қызыл» аймақтағылар: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.