#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда автобус тепловозбен соқтығысты

Автобус жүргізушісі теміржол бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысты.

Автобус жүргізушісі теміржол бойымен келе жатқан тепловозбен соқтығысты. Видеода апаттан кейін зақымданған қоғамдық көлік көрінеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео кадрларынан зақымданған автобус пен тепловоз жолды бөгеп, қозғалысқа кедергі келтіріп тұрғаны көрінеді. Видео авторы жолдағы жағдайды басқа жүргізушілерге ескерткен.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері апат 27 сәуірде сағат 09.30-да Бекмаханов көшесі 81-үйге қарама-қарсы жолда болғанын айтты.

«74 нөмірлі ЛиАЗ маркалы автобус жүргізушісі Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып, оңтүстік бағытта рельспен келе жатқан тепловозбен соқтығысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Факт Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерімен өндіріске қабылданды», — деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция майоры Олжас Шәріпов.

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде пойыз Шамалған өткелінде автобуспен соқтығысқан болатын. Автобус жүргізушісі қаза тауып, әйел мен екі бала жарақат алған еді. Кейін сот өткелдегі кезекші реттеушіні апатқа кінәлі деп тапты.

Соңғы жаңалықтар