#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

COVID-19-ға қарсы күреске бөлінген ақша: 60 миллиард теңгеге заңбұзушылық анықталды

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Есеп комитетімен бірлесіп коронавируспен күреске бөлінген қаражат аудитін жүргізеді.

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Есеп комитетімен бірлесіп коронавируспен күреске бөлінген қаражат аудитін жүргізеді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов 60 миллиард теңгеден аса сомаға заңбұзушылықтар анықталғанын айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар қабылдағанын, оған бюджет қаражаты, оның ішінде 2020 жылғы тамыздан бүгінге дейін коронавируспен күреске бөлінгенін еске салды. Бір мезгілде осы ақшаны пайдаланылу бойынша бақылау жүргізіледі. Бюджет қаражатын бақылау тетіктерінің бірі — мемлекеттік аудит.

Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары 2,1 триллион теңгенің, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 1 триллион теңгенің жұмсалуын тексереді.

Бүгінде ішкі мемлекеттік аудит комитеті коронавируспен күрес бойынша эпидемияға қарсы шараларға, шағын және орта бизнесті қалпына келтіруге, жұмыссыздықты тежеуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін қолдауға бөлінген 680 миллиард теңгенің жұмсалуын тексерді.

«Тексеру қорытындысы медициналық жабдықты сатып алуда, оған қойылатын талаптар мен көтеріңкі құнын, басқа тұлғаларға үстемеақылар мен жәрдемақыларды төлеуде, құрылыс жұмыстарының орындалмаған көлемі үшін жалпы сомасы 60 миллиард теңгеден аса төлемдерде жүйелі заңбұзушылықтарға жол берілгенін көрсетті. Оның ішінде 40 миллиард теңгеден аса сома немесе 67 пайызы жойылды.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін 31 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 481 кінәлі тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Осы факт бойынша құқық қорғау органдарына 10,6 миллиард теңгеге 28 материал берілді, оның ішінде бес материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалған материалдар тергеліп жатыр», — деді Әлихан Смайылов Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

2021 жылдың ақпанында мемлекеттік аудит COVID-19-бен күресуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануды тексергенін айтты. Сол кезеңде үш өңірде: Жамбыл облысында, Шымкентте, Алматыда ақша жұмсау бойынша заңбұзушылықтар анықталған. Барлық материал өңірлердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылған.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...