#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті

Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті.

Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының өкілдері естіртті.

«Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиева өмірден өтті. Әріптестерімізге, отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Алла сабыр берсін, алдынан жарылқасын», — деп жазылған театрдың Facebook желісіндегі парақшасында.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) «актерлік шеберлік» факультетін бітірген (1970). Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді. 1993 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысқан.

Актриса «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Біржан сал», «Айналайын», «Ләйләнің зары», «Кемпір», «Зауал» және тағы басқа фильмдерде ойнаған.

Сонымен қатар, Ғазиза Әбдінәбиева 1996-2000 жылдары көрсетілген «Перекресток» сериалында Розаның және 2001 жылы көрсетілген «Саранча» телесериалында Маргоның ролінде ойнаған.

Соңғы жаңалықтар