#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Мәскеу қаласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында бірінші штабтық келіссөздерге қатысты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Мәскеу қаласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында бірінші штабтық келіссөздерге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздерге сондай-ақ, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің мүдделі министрліктері мен ведомстволарының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығы мен Біріккен штабының өкілдері қатысты.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Марат Аймашев қазақстандық делегацияны басқарды.

Келіссөздер барысында тараптар «Іздеу-2021» оқу-жаттығуын барлау күштері және құралымдарымен, «Эшелон-2021» материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштерімен және құралдармен, «Өзара іс-қимыл-2021» ҰҚШҰ-ның жедел ден қою құрылымдық күштерімен, «Мызғымас бауырластық-2021» ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштерімен және Орталық Азия өңірлерінде Ұжымдық жедел өрістету күштерінің бөлімшелерімен, «Шеп-2021» оқу-жаттығуларын өткізу және ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Оқу-жаттығу Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан аумақтарында өтеді. Іс-шараларды орындау тәртібі мен өткізу мерзімі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұдан өзге, келіссөздерге қатысушылар ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аудандарында әскери қауіп-қатерлер мәселесін талқылады. Шартқа қол қоюшы тараптар қауіп-қатерлердің ауқымын және оларды бейтараптандырудағы үйлесімді бірлескен іс-қимыл қажеттігі туралы бірыңғай түсінігін растады.

Соңғы жаңалықтар