#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қызылордада сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі шықты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Мекеме қызметкерлерінен айласн асырмақ болған сәлдемдеме жолдаушы оны кәдімгі құрттың ішіне орап салған, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысында күмәнді заттың салмағы 3,2 грамм болатын кептірілген марихуана екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар