#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 2021 жылғы 16 сәуірде сағат 20:45 шамасында оқу-жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде Балқаш қаласының оқу авиациялық орталығына қону сәтінде СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш апатқа ұшырағанын хабарлады.

«Ұшақ экипажы катапульталанды. Ұшқыштар тірі және медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қазіргі уақытта болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы ұшақ құлаған жерге жіберілді», — деді департамент.

Бортта екі экипаж мүшесі болғаны, олар аман екені айтылады. Ұшқыштардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланды.

2017 жылы желтоқсанда заманауи жаңа Су-30 СМ жойғыш ұшақтары Қазақстан мен Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастығы аясында елге жеткізілген болатын.

Айта кетейік, тура бір жыл бұрын Қарағанды облысында Қорғаныс министрлігінің тағы бір ұшағы құлаған еді. Ол кезде МиГ-31 апатқа ұшыраған.

Соңғы жаңалықтар