Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде «Авиценна» емдеу-алдын алу мекемесінің басшысы Жанар Молдантаева ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Сотқа дейінгі тергеу органдары Ж.Молдантаеваға Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігінің 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтіріп отыр», дейді баспасөз қызметінің өкілі.