#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда пандемия соңына дейін салық демалысын енгізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия аяқталғанға дейін зардап шеккен секторларда айыппұл мен өсімпұлды алып тастай отырып, салық каникулын енгізуді ұсынды.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия аяқталғанға дейін зардап шеккен секторларда айыппұл мен өсімпұлды алып тастай отырып, салық каникулын енгізуді ұсынды. Мәжілісменнің айтуынша, қолданыстағы несие шарты аясында төлемді кейінге қалдыру мәселені шешпейді, тек қарыз жүктемесін күшейтеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2020 жылғы 15 сәуірден бері Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тоғыз сауал мен үндеу жібердік. Онда төлемдерді кейінге қалдырудың жартылай сипатына назар аудардық. Олардан өзара байланысты мәселенің барлық спектрін пысықтауды талап еттік. Қолданыстағы несие шарты шеңберінде төлемді кейінге қалдыру мәселені шешпейді. Бірақ қарыз жүктемесін көбейтеді. Мерзім аяқталғаннан кейін жинақталған төлемдер сомасы қарыздың негізгі сомасына қосылады және шарттың қалған мерзімінде ағымдағы төлем өседі», — деді Перуашев премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.

Перуашев былтыр сәуір-мамырда фракция ұсыныстарды елемеу арқылы (1 қазан) алдағы уақытта бұл мәселеге оралуға тура келетінін ескерткенін айтты. Бірақ көп бизнес субъектісі уақыт жоғалтты, деді депутат.

«Талаптарымыз ескерілмеді. Егер Президенттің Жолдауын орындау үшін өткен жылдың күзінде бизнестің 8400 жобасына арналған несие қайта қаржыландырылған болса, кешегі «Ақ жол» фракциясының отырысында айтылған деректер бойынша, 10 мыңнан аса кәсіпорын жұмысын түпкілікті тоқтатты», — деп толықтырды мәжілісмен.

Депутат Президенттің несие төлемін кейінге қалдыру туралы тапсырмасын орындау аясында фракция экономиканың зардап шеккен секторлары, шағын орта бизнес үшін несие мерзімдерін ұзарту және несиелік каникул енгізу туралы ұсыныстарды қайта жіберетінін айтты.

«Осыған ұқсас, үшінші шараны ұсынамыз: пандемия аяқталғанға дейін салық демалыстарын енгізу, зардап шеккен секторларда айыппұл мен өсімпұлды жою, сондай-ақ салық төлеушілердің жағдайын нашарлататын салық салу мен басқарудың жаңа нормаларын енгізуге тыйым салу», — деп түйіндеді Перуашев.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...