#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Нұрлан Сауранбаев қызметінен босады

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау...

Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады

Нұр-Сұлтан қаласында 9 сәуір күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен «Этносаяси сауаттылықты арттыру» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме...

Тоқаев «Спутник V» вакцинасын салдырды

Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме...

Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен және Білім және ғылым министрлігі аграрлық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қабылдау квотасының мөлшерін ұлғайту мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды ADYM.KZ...

БАӘ алғашқы араб әйел ғарышкердің есімін атады

Біріккен Араб Әмірліктері алғашқы араб әйел ғарышкердің есімін атады, ол - Нура Әл-Матруши. Бұл туралы БАӘ премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Twitter-де жазды,...

Қазақстанда «Антиковидтік паспорт» әзірленді

Қазақстанда вакцина алғандарды есепке алуға арналған «Антиковидтік паспорт» әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz...

Шымкентте «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды

Шымкент қаласында енді «Егемен Қазақстан» көшесі бар. Бүгін Қаратау ауданы, Бозарық саяжайында «Егемен Қазақстан» көшесі атауын беруге арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға халықаралық "Алаш"...

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы тұтқындалды

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов бөтен мүлікті иемденді немесе жымқырды деп күдікке ілінді.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов бөтен мүлікті иемденді немесе жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының тергеу сотының қаулысымен 2021 жылғы 1 сәуірде күдікті Сүлен Ілиясовқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бұл қаулыға шағым жасалып, алтыншы сәуірде қайта қарау үшін Ақмола облыстық сотына келіп түсті. Апелляциялық алқа оны үш жұмыс күні ішінде қарайтын болады. Осылайша, әзірге С.Ілиясовқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Оған ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлігі 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген. Бұл ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жатады және баптың санкциясы 10 жылдан астам бас бостандығынан айыруды көздейді», деп түсіндірді Ақмола облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Күләш Домалақова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Сүлен Ілиясов ағымдағы жылдың ақпан айының басында өз еркімен жұмыстан кеткен.

Соңғы жаңалықтар

2021: Рамазан айына арналған Ораза және Намаз кестесі

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 420 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге...

Киіктерді заңсыз аулаумен айналысқан браконьерлер ұсталды

ІІМ Нұр-сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумақтық полиция департаменттерімен киіктерді заңсыз аулаумен және олардың мүйіздерін өндірумен айналысатын қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша...

Алматылықтар тұрғын үй ауласындағы қонақүй құрлысына қарсы шықты

Әлеуметтік желілерде алматылықтардың қала билігіне Нұрмақов-Қабанбай батыр көшесіндегі тұрғын үй ауласында салынып жатқан қонақүй құрылысын тоқтату туралы жазған өтініші пайда болды. Олардың айтуынша, құрылыстың...

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді

Директорлар кеңесінің шешімімен Ростислав Анатольевич Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Ростислав Коняшкин 1989 жылы...

Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев наурыз айында теңгенің әлсіреуінің себептерін айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. «Биылғы наурызда теңгенің айырбастау бағамы келесі...

ІІМ тұрғындардан қару сатып алу науқанын бастайды

Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады. ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, қарудың әр данасы...

Денсаулық сақтау министрі әкімдіктерді сынға алды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әкімдіктердің коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарын сынға алды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Үкімет отырысында Цой министрлік мамандары...

Қазақстанның 8 өңірі «қызыл аймақта» тұр

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Аталған комиссия мәліметі бойынша, «қызыл...

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 97 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

2021 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 77 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 20,5 млрд теңге бағытталды, деп...