#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді.

Ақтөбе облысында карантин күшейтілді. Өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмыс күндері және сенбіде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, ал жексенбі күндері жабық.

— Сауна, моншалар жексенбіден басқа жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді.

— Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істейді.

— Жабық спорт нысандары (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтар да алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері жабық.

— Бассейндерге сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Қалған күндері алдын ала жазылу бойынша ішкі тәртіпке сәйкес істейді.

— Сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді (балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады), жексенбі күндері жабылады.

— Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер жұмыс күндері және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істейді, жексенбі күндері тыйым салынады.

— Даладағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбі жабылуы тиіс.

— Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істей алады, жексенбіде жабылады.

Соңғы жаңалықтар