Жиырма бесінші наурызда түнгі уақыт 2:00 шамасында 15-16 жастағы үш қыз отбасылық үлгідегі «Атамекен балалар ауылынан» белгісіз бағытқа шығып кеткен, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz. басылымына сілтеме жасап.
Қазір қалалық полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған үш жасөспірімді іздестіріп, облыс орталығындағы көпқабатты үйлер шатырларын, саяжайларды, қараусыз қалған баспаналар мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.
Олардың фотосуреттері көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.