#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Елордада карантин кезінде түнде жұмыс істеген караоке-барлар әшкере болды

Елордада өткен түнде карантин талаптарын бұзған 10-ға жуық мекемеге айыппұл салынды.

Елордада өткен түнде карантин талаптарын бұзған 10-ға жуық мекемеге айыппұл салынды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр, осыған байланысты қалада шектеу шаралары күшейтілді. Кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуына жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жүр. Осыған қарамастан кейбір мекемелер бас санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды елемей отыр.

Өткен түнде, яғни 27 наурызға қараған түні мобильді топтар қаланың төрт ауданында карантин режимін бұзған 10-ға жуық мекемені анықтады.

Мәселен, Сарыарқа ауданындағы «Нирвана» түнгі клубы сағат 23.00-ден кейін де жұмыс істеді. Ал бас санитар дәрігердің қаулысында 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

Осыған ұқсас заңбұзушылық «Asiatiq» мейрамхананда анықталды, ал «Adagio» караоке-бары жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен. Екі мекеме де Есіл ауданында орналасқан.

Алматы ауданында орналасқан төрт бірдей қоғамдық тамақтану нысаны белгіленген жұмыс режимін бұзды. Олардың арасында «Панаехали», «До утра» барлары, «Зина» мейрамханасы, «Шах» кафесі бар.

Байқоңыр ауданында орналасқан «Шашлыкофф» гриль бары мен «Рыба моей мечты» караоке залы да карантин режимін бұзды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдау және оларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және елорданың «қызыл» аймақта болуына байланысты 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда карантиндік және шектеу шаралары күшейтілген болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық нормалар мен карантин режимінің талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Соңғы жаңалықтар