#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Теміржолдан өтіп үлгермеген». Петропавлда тепловоз көлікті соқты

Петропавлда тепловоз жеңіл автокөлікті соғып өтті.

Петропавлда тепловоз жеңіл автокөлікті соғып өтті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Бензострой ауданындағы теміржол өткелінде болған. Полиция хабарына қарағанда, ВАЗ 2110 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі STOP жол белгісін ескермей, теміржол өткелінен өтіп бара жатқанда № 1216 тепловозына тосқауыл болған. Тепловоз жүргізушісі шұғыл түрде тоқтауға мәжбүр болды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем мамандары жеңіл көлік жүргізушісін Петропавлдағы медициналық мекемеге жеткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін дәрігерлер ер адамды үйіне жіберді», — дейді полицейлер.

Сарапшылар Оңтүстік Орал теміржолына келген материалдық шығынды анықтағаннан кейін жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы») әкімшілік хаттама толтырады.

Соңғы жаңалықтар