#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Көкшетау әкімі ауысты

Көкшетау қаласының әкімі болып Бауыржан Ғайса тағайындалды.

Көкшетау қаласының әкімі болып Бауыржан Ғайса тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Ақмола облысының әкімшілік орталығының әкімі қызметін Амангелді Смайылов атқарған.

«Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Көкшетау қаласының әкімі болып Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы тағайындалды», — делінген Көкшетау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бауыржан Ғайса 1972 жылы дүниеге келген. Челябинск мемлекеттік аграрлық университетін, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994-2013 жылдары жекеменшік саладан бастаған. 2013-2014 жылдары —  Nur Otan партиясының Көкшетау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

2014-2016 жылдары — Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2016-2018 жылдары — Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

2018-2019 жылдары — Қорғалжың ауданы әкімі.

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап — Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі болған.

Соңғы жаңалықтар