#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтан әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды

Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бір әуе рейс тоқтатылып, тағы бір рейс қосалқы әуежайға жіберілген.

Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бір әуе рейс тоқтатылып, тағы бір рейс қосалқы әуежайға жіберілген, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі үшін әуе кемелерін мұзға қарсы сұйықтықпен өңдеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» әуе рейсі тоқтатылды. Сағат 11:00-ден 15:00 аралығындағы дауылды ескертуге байланысты жел 12 м/с дейін күшейіп, екпіні 17 м/с дейін жетеді деп болжанған. Одан өзге қосалқы әуежай Алматыға «Шымкент-Нұр-Сұлтан» рейсі жіберілді», деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

 

Соңғы жаңалықтар