#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ШҚО-да қатты желден құс фабрикасының төбесі құлап түсті

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып әкетті.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып әкетті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Глубокое ауданында секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғып, Предгорное ауылында орналасқан құс фабрикасы асханасының шатырын ұшырып жіберген.

«Ғимараттың жалпы ауданы 680 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін ТЖД мамандары өңір жұртшылығына дауылға байланысты ескерту жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар