#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өскемен әкіміне маска тақпағаны үшін айыппұл салынды

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шарада маска тақпағаны үшін айыппұл салынды.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шарада маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

«Б.Александров атындағы Спорт сарайында өткен шараға қатысқан шаһар басшысы Жақсылық Омардың маска тақпай түскен фотосуретіне қатысты БАҚ-та тараған ақпараттар және жеке тұлғалардың өтініштері мұқият қаралды. Соның нәтижесі бойынша аталған тұлғаға қатысты қысқартылған өндірістік тәртіппен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта Ж.Омар айыппұлды өз еркімен төледі», деп хабарлады ШҚО Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар