#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістандағы бес адамның өлімі: күдікті ұсталды

Түркістанда газдан уланып қаза тапқан бес адамның өліміне күдікті ретінде газ жабдығын орнату фирмасының директоры ұсталды.

Түркістанда газдан уланып қаза тапқан бес адамның өліміне күдікті ретінде газ жабдығын орнату фирмасының директоры ұсталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы ақпанның соңында Түркістандағы жеке үйлердің бірінен бес адамның денесі табылды: әйел және төрт бала. Оларға иіс тиген.

Жақында полиция қызметкерлері бір отбасының 5 мүшесінің өліміне қатысты күдіктіні ұстады.

«Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол газ жабдықтарын орнату фирмасының директоры. Тергеушілер ер адамның қайғылы жағдайға қатысы барын дәлелдеді. Күдіктілердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу жалғасып жатыр», — деді Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

Түркістан облысы ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК-ның 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Түркістанда жеке үйде улы газдан 2004, 2006, 2013 және 2016 жылы туған балалар мен олардың 1980 жылғы анасы қайтыс болды. Әкесі қайғылы оқиға кезінде Шымкентте емделіп жатқан.

Соңғы жаңалықтар