Эстонияның премьер-министрі Кая Каллас «британдық» штаммның белең алуынан елде карантиндік шектеулер орнатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы мәлім еткендей, Эстонияда эпидемиялық ахуал күн сайын нашарлап бара жатыр.
«Білім беру мекемелері, соның ішінде бастауыш сыныптар, қашықтан оқытуға көшті», деді премьер-министр.
Одан бөлек, азық-түлік дүкендері мен бөлшек сауда орталықтары жабылды. Сонымен қатар, тамақтандыру мекемелері жұмысын тоқтатып, спорт секцияларына баруға шектеу қойылды. Сондықтан алдағы таңда көшеде жүруге тыйым салынады.
Жоғарыда айтылған шектеулер 11 наурыздан бастап күшіне енеді.