Көктемнің алғашқы күндері Шығыс Қазақстанда қыста соқпаған боран соқты. Қатты жел мен бұрқасын салдарынан жолда қалған 137 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, 137 адам қар құрсауынан құтқарылып, жолда қалған 18 автокөлік жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілген. Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындардың назарына жолдар әлі де болса ашылмағанын жеткізіп, сақ болуды ескертті.