Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары мен әлемдегі азық-түлік бағасының инфляцияға әсері туралы баяндалды.
Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндап, Ұлттық банктің инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.
Президент Ұлттық банк төрағасына азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жеделдетуді тапсырды.