#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба және аудио-видео қоры биылдан бастап цифрлық форматқа көшіріліп жатыр.

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба және аудио-видео қоры биылдан бастап цифрлық форматқа көшіріліп жатыр, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов фейсбук парақшасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба және аудио-видео қоры биылдан бастап цифрлық форматқа көшіріліп жатқандығы жайында жаңалықпен бөлісті.

«Бұл ретте институт қорында сақталған 5000-ға жуық қолжазбаларды қайта қалпына келтіру, олардың электронды көшірмесін жасау,  мыңдаған метрлік микрофильмдерді, аудио және видеотаспаларды, фототаспаларды, деректі фильмдерді, күйтабақтарды қайта жазып, заманға сай электронды сақтағыштарға енгізу – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып келген, соның түйіні биылдан бастап шешіле бастады.

Қолжазбаларға түскен мәтіндер мен аудио таспалардың цифрлық қаталогын жасап, жалпы оқырмандарға, зерттеушілерге қолжетімді етуге арналған электронды бағдарламалар жасалды.

Қордың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті  санитарлық-дезинфекциялық ережелердің сақталып отыруы үшін де  тиісті материалдық-техникалық жабдықтар сатып алынды. Соның нәтижесінде биылдың өзінде Институт қолжазба қорының 1-150 бумаларындағы мыңдаған қолжазбалар электронды жадқа көшіріліп, ондағы мәтіндер жанрлар бойынша каталогтарға жіктеліп енгізілуде.

Ертедегі магнитафон таспаларына жазылған көне сарындар, дәстүрлі әндер мен күйлерді заманауи форматқа көшіру ісін жолға қою үшін институт қабырғасында аудио жазба студиосы жабдықталып жұмыс істей бастады. Енді өткен ғасырдың басынан бері фольклорлық экспедициялар кезінде жинақталған магнитофон таспаларын цифрлық форматқа сапалы көшірудің мүмкіндігі туып отыр.

Ел мұрасын цифрландыру мен каталогтар жасау жұмыстары бұдан былай жүйелі жолға қойылып,  күнтізбелік жоспар бойынша  жүзеге асатын болады».

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...