#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады

2021 жылғы 27 ақпанда дәл осы өткізу пунктінде құны 20 млн теңгеден асатын дәрі-дәрмектердің үлкен партиясын заңсыз өткізудің алды алынды.

2021 жылғы 26 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде ірі көлемдегі дәрі-дәрмек партиясын Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз алып өтудің жолын кесті. Дәрі-дәрмектің 86-дан астам түрі анықталған жүктің тасымалдануға рұқсат құжаттары болмай шықты. Контрабандалық тауардың бағасы 50 млн теңгеден асады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

2021 жылғы 27 ақпанда дәл осы өткізу пунктінде құны 20 млн теңгеден асатын дәрі-дәрмектердің үлкен партиясын заңсыз өткізудің алды алынды.

Екі жағдайда да ұсталған жүк және оған қатысты материалдар жергілікті Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Бұл жағдай дәрі-дәрмектерді Қазақстан аумағынан заңсыз әкетудің алғашқы әрекеті емес екенін айтып өту қажет.

Қазақстандық шекарашылар Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту және контрабандалық тауарларды өткізу арналарын жабу бойынша белсенді тексеру іс-шараларын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар