Батыс Қазақстанда табиғи газдан уланған 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Сағат 03.40-та Бірлік көшесі 7-мекенжайынан 9 адам жедел жәрдеммен Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың бесеуі – балалар. Олардың біреуі үш және екі жаста, екеуі бір жаста, сондай-ақ жаңа туған сәби де бар. Сондай-ақ сағат 05.40-та Бірлік көшесі 23-мекенжайынан 5 адам ауруханаға апарылды.
Олардың төртеуі – 9, 7, 3 жасар балалар. Біреуі 1 жасқа толмаған. Бәрі де жеңіл дәрежеде газбен уланған болып шықты.
Кезекші дәрігер қарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 24 елді мекен электр жарығынсыз қалғанын жазған болатынбыз. Өңірде кешеден бері боран соғып тұр.