#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Депутаттар зейнетақы жинағына ЭКҰ жасауға рұқсат беруді талап етті

Мәжілісмендер экстракорпоральді ұрықтандыруды (ЭКҰ) зейнетақы жинақтарын алу кезінде қолдануға болатын медициналық қызметтер тізіміне қайтаруды сұрады.

Мәжілісмендер экстракорпоральді ұрықтандыруды (ЭКҰ) зейнетақы жинақтарын алу кезінде қолдануға болатын медициналық қызметтер тізіміне қайтаруды сұрады. Депутаттық сауал Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолданды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Зейнетақы жинақтары есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер тізімінен кепілденген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер алып тасталды. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі осы бағдарламалар аясында халыққа көрсетілетін бірқатар тегін қызметтегі квота немесе кезек сияқты мәселелеріне назар аударып отырған жоқ», — дейді депутат Аманжан Жамалов Мәжіліс отырысында.

Жамалов бүгінде миллиондаған қазақстандық МӘМС аясында сақтандырылмағанын және сәйкесінше ешқандай медициналық қызмет ала алмайтынын атап өтті.

Депутаттың айтуынша, тегін медициналық қызметтерді зейнетақы төлемдері есебінен көрсетілетін қызметтер тізімінен алып тастау «ешқандай сынды көтермейді».

«Әсіресе бедеулік мәселесіне тоқталғым келеді. Статистикаға сәйкес, еліміздегі әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, биылдан бастап экстракорпоральді ұрықтандыруға (ЭКҰ) квоталар саны 7000-ға дейін ұлғайды. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Бірақ, осы сала мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда бұл да жеткіліксіз. Қазіргі уақытта кезекте 10 мыңнан аса адам тұр. Яғни, биыл 3000 отбасы осы мемлекеттік квотаны ала алмайды», — деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, адамдар зейнетақы жинағын ауыр аурулардан кейінгі оңалтуға, қалыпқа келуге, сондай-ақ косметологиялық операцияларға жұмсауға рұқсат берілуі тиіс.

«Стоматология тізімге енгізілсе, бұл логика да дұрыс деп ойлаймын. Осы баяндаманы негізге ала отырып, ДСМ-нен медициналық қызметтер тізіміне ауыр аурулардан кейінгі оңалту мен қалыпқа келтіру қызметтерін, косметологиялық операциялар мен рәсімдерді, ЭКҰ және тағы басқаларын енгізуді сұраймын. Медициналық қызметтер тізімін азаматтық және медициналық қауымдастықтармен талқылау қажет», — деді Жамалов.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...