Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің «Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» қаулысы жарияланды. Шымкентте карантин 22 ақпаннан 8 наурызға дейін ұзартылады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын», — делінген қаулыда.
Қала тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде, еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да -шараларды өткізуге тыйым салынады.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.