Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов елімізде диплом беруде қандай өзгерістер болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 2021 жылдан бастап ЖОО-лар жеке үлгісі бойынша диплом бере бастайды. Бұл өз кезегінде академиялық дербестікті кеңейтуде үлкен қадам болмақ. Осыған байланысты оқу орындары өз еркімен мұндай дипломның форматын, сондай-ақ оны табыстау жүйесін айқындайды.