Түркістан облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды тауып, отбасына қайтарды, — деп хабарлайдыт ADYM.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, күндізгі сағат 16:30 шамасында 13 жастағы қызы қазір келемін деп, үйінен шығып, содан оралмаған.
Қыз ата-анасына ескертіп, құрбыларымен тамақтану орталығына шыққаны белгілі болды. Алайда ата-анасы қызының сөзіне мән бермеген. Осылайша қызын жоғалды деп ойлап, тәртіп сақшыларына хабарлаған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.
Аталған жайтқа байланысты жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы тұста полицейлер ата-аналарға, өз ұл-қыздарымен сөйлесіп, өтпелі кезеңінде дос ретінде олардың ойына мән беруді ескертеді. Сондай-ақ оларды үнемі бақылауда ұстау керегін айтты.