Осы жылдың ақпан айында «ҚТЖ «ҰК» АҚ, «Құрық порты» ЖШС және «Kaspi Grain Way» ЖШС арасында Құрық портында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Терминал Қазақстан – Иран/Кавказ өңірі елдері бағыты бойынша және одан әрі үшінші елдерге астық дақылдары экспортының болжамды көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Қол қойылған Келісім көлік маршрутының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, жүк ағындарын ұлғайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және Құрық порты арқылы жүк тасымалдау процесін жетілдіруге ықпал етеді.