Шалқар Қожаев Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бұйрығымен Шалқар Мұқашұлы Қожаев 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды», — деп жазды ол.
Шалқар Қожаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005-2011 жылдары «Қазақстан-Семей» арнасында тілші, жүргізуші, «Қазақстан» РТРК-ның Шығыс Қазақстан өңірі бойынша меншікті тілшісі болып қызмет еткен.
2011-2012 жылдары «Еуразия» телеарнасының тілші ретінде Президенттік пул құрамында болған.
2012 жылдан бастап «Хабар 24» арнасының шығарушы редакторы, продюсері, жаңалықтар қызметінің бас редакторы, «Хабар» арнасының бас редакторы болып жұмыс істеген.
2017 жылдан бастап «Хабар 24» арнасының шеф-редакторы.
Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бірнеше мерекелік медальдармен, түрлі дәрежедегі алғыс хаттармен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. «Нұр Сұңқар» сыйлығының иегері.