Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қаласында карантин режимі 8 ақпаннан 22 ақпанға дейін созылады.
«Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын», — делінген қаулыда.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шаралар, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындарға кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға және маска тағу ұсынылды.
Қаулының толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.