Шетелдіктерді қабылдаған үй иелері 2 күннің ішінде 24 ескерту алды. Бұл біздің өңірде 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу кезінде анықталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Электрондық цифрлық қолтаңбалары бар азаматтар мұндайды қашықтан, яғни egov.kz порталы арқылы да жасай алады. Барлық консультацияларды тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінен немесе Петропавл қаласындағы 34-00-23 телефондары арқылы алуға болады екен. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында 2801 шетелдік азамат тұрады.