Қасым-Жомарт Тоқаевқа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өткен жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ, алдағы уақыттағы жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны жайында айтылды. Мағзұм Мырзағалиевтің пікірінше, 10 жыл ішінде балық өндірісін 9 мыңнан 270 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар Президентке геологиялық барлау, экологиялық туризм және ұлттық парктердің жай-күйі туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министріне бірқатар нақты тапсырма берді.