Жамбыл облысында тұрғындарды жаппай вакциналау өзге өңірлерге қарағанда кеш басталады, — деп хабарлайды ADYM.KZ «Хабар 24«.
Мұнда ресейлік екпелер ақпанның ортасына таяу жеткізіледі. Вакциналау жұмыстары бірінші болып «қызыл аймаққа» кірген өңірлерде жүргізіледі. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.
Еске салайық, вакцина 18-ге толмаған балалар мен жүкті әйелдерге салынбайды.
«Ең бірінші кезеңде «қызыл аймақта» орналасқан облыс орталықтарында басталады. Жамбыл облысы әзірге «жасыл аймақта». 10-15 ақпан аралығында біз Жамбыл облысында вакцинацияны бастап кетеміз. Бірінші «Спутник V» вакцинасының 5 мың дозасы келу керек», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.