Түркістан облысында 300 адамның қатысуымен өтіп жатқан үйлену тойы тоқтатылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Еgemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Түркістан облысының Сарыағаш қаласындағы «Кәусар хол» тойханасы шектеу шаралары енгізілгеннен бастап бірнеше рет той-жиындар өткізген. Осылайша, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларын өрескел бұзған.
Сондай шаралардың бірі 28 қаңтар күні өткен. Мобильді мониторингілік топтар жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында сағат 15:30 шамасында 300 адамға үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтаған.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi «Індетке қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта Сарыағаш қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері аталған тойхананың жұмысын тоқтату бойынша сотқа арыз дайындауда», делінген ақпаратта.