Шымкент тұрғындары Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпулерін сезді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен 02.02-де тіркелді.
БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының деректері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында, 150 шақырым тереңде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13,0. Магнитудасы — 6,0.
Шымкентте жер сілкінісі 2 балл болып сезілді.
Жергілікті тұрғындар дүмпулер туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісті.