#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Батыс Қазақстанда иістенген 14 адам ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстанда табиғи газдан уланған 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.  Батыс Қазақстан облысында табиғи газдан уланған 14 адам ауруханаға...

Алматыда автобус қағып кеткен әйел қайтыс болды

Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесі қиылысында автобус қағып кеткен 57 жастағы әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Жол апаты...

Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды

Атырау облысында 34 мешіт бар. Енді оның қатары 500 орындық жаңа мешітпен толығатын болды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.  Еркінқала ауылында бой көтеретін жаңа...

Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты

Танымал «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) Криштиану...

Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады

2021 жылғы 26 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде ірі көлемдегі дәрі-дәрмек партиясын Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз алып өтудің...

Депутаттар зейнетақы жинағына ЭКҰ жасауға рұқсат беруді талап етті

Мәжілісмендер экстракорпоральді ұрықтандыруды (ЭКҰ) зейнетақы жинақтарын алу кезінде қолдануға болатын медициналық қызметтер тізіміне қайтаруды сұрады. Депутаттық сауал Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу...

Түркістанда футболдан суперкубок ойындары жанкүйерсіз өтеді

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған «Turkistan arena» стадионында 2-6 наурыз күндері аралығында Қазақстанның футболдан суперкубок ойындары өтеді. Әрбір матчты көрермендер «Qazsport» телеарнасынан, әлеуметтік желілерден, Түркістан...

Театр сыншылары үздіктерді анықтады

«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін анықтау мақсатында еліміздегі театрлар арасында жүргізілген арнайы сауалнама нәтижесімен бөлісті.

«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін анықтау мақсатында еліміздегі театрлар арасында жүргізілген арнайы сауалнама нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Елімізде ұлттық, академиялық, мемлекеттік, облыстық, қалалық мәртебесін иеленген 40 өнер ордасы арасындағы сауалнама биыл екінші рет ұйымдастырылды.

Сала мамандары өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты театрлар толық жұмыс істей алмағанына қарамастан, қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Жарты жылдан астам жабық тұрған ұжымдардың онлай жұмысы да, сайт парақшалары да сыншылардың назарында болды. Қырық театр жыл көлемінде 144 жаңа спектаклдің тұсауын кесіп, халықаралық деңгейде 2 онлайн фестиваль өткізген. Сонымен қатар театртанушылар өз таңдауын жасап, «Сыншылар жүлдесімен» бірнеше номинация бойынша үздіктерді анықтады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Сыншылар жүлдесімен» келесі театрлар марапатталды:
1) «БАҚ пен үздік жұмыс істеген театр» номинациясы бойынша:
— Алматы қалалық Мемлекеттік қуыршақ театры;
— Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры;
— К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Халықтар достығы орденді орыс драма театры.
2) «Үздік сайт» номинациясы бойынша:
— Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры;
— «Астана Опера» театры;
— М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры;
— Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;
— Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры;
— Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры;
3) «Онлайн форматтағы ең белсенді театр» номинациясы бойынша:
— Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры;
— Алматы қалалық Мемлекеттік қуыршақ театры;
— М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры;
— Республикалық неміс драма театры;
— Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры;
4) «Жылдың жаңа есімі» номинациясы бойынша режиссер Гаухар Адай;
5) «Үздік мерейтойлық қойылым» (Абайдың 175-жылдығына арналған) номинациясы бойынша М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының «Қара» (режиссері Ж.Жұманбай) спектаклі;
6) «Үздік сценография» номинациясы бойынша М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының «Абайдың жұмбағы» қойылымының суретшісі Мұрат Сапаров;
7) «Үздік актриса» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Шағала» қойылымындағы Аркадина ролін сомдаған Жанар Мақашева;
8) «Үздік актер» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облыстық Х.Бөкеева атындағы драма театрының «Мен» қойылымындағы Мен ролін сомдаған Ербол Есендосов;
9) «Үздік балаларға арналған қойылым» номинациясы бойынша Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының «Үйшік» cпектаклі (автор Е.Локшина, режиссері А.Зайцев);
10) «Үздік режиссер» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Құлагер» қойылымы үшін Фархад Молдағалиев;
11) «Үздік қойылым» номинациясы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Шағала» спектаклі (автор А.П.Чехов, режиссер Е.Нұрсұлтан).

Соңғы жаңалықтар

10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады

Биыл 10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды...

Қарулы Күштерде коронавирус жұқтыру дерегі екі есе азайды

Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері айқындалды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.   Роталардың үйлесімдігі...

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан Қырғызстан армиясына көмектесуге, сондай-ақ гуманитарлық көмек жіберуге дайын. Бұл туралы Қырғызстан мен Қазақстан басшысы қатысқан брифингте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  ТЖД өкілдері бала...

Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан

2021 жылдың қаңтар айының өзінде ғана елімізде 3 мыңнан астам кибер шабуыл жасалған. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп, деп...

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан босатылды

Қос азаматтығы бары анықталған шымкенттік шенеунік Олег Почивалов жұмыстан шығарылды. Ақпаратты қала әкімдігі растады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Шымкент қаласы әкімі...

Павлодарда ҚТЖ бөлімше басшысы ұсталды

Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімше басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бөлімше басшысы жұмыстағы қамқорлығы үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырды деген күдікке...

Қазақстанда өрттен қаза тапқан адамдар саны артты

Қазақстанда өрт кезінде қаза тапқан адамдар саны 19 пайызға өсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме...

Алматыда полицей құрылысы аяқталмаған үйдің төбесінен құлап кетті

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...