#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Антикор басшысы «СҚ-Фармацияның» экс-басшысының ісі туралы айтты

Антикоррупция қызметінің басшысы Алик Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріптің ісі туралы айтты.

Антикоррупция қызметінің басшысы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріптің ісі туралы айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алдағы уақытта іс сотқа жіберіледі. Тергеу аяқталды, іс материалдарымен танысу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді. Адвокаттар да сұрақтарын қойып жатыр. Бап бойынша: қызметін теріс пайдалану болды, қазір — қызметіне немқұрайды қарау. Өзгерді», — деді Шпекбаев Нұр-Сұлтанда «Астана — адалдық алаңы» жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде.

Еске салайық, 2020 жылдың 10 шілдесінде «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп қызметінен босатылған болатын. Ол «СК-Фармация» басқармасының төрағасы қызметіне былтыр 21 сәуірде келген.

Артынша 14 тамызда басқарманың бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Ол екі ай бойы қамауда болды.

Соңғы жаңалықтар