#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

СҚО-да жаңа санитар дәрігер тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер 39 жастағы Әсет Жұматаев тағайындалды. Ол осыған дейін дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасын басқарды.

А.Жұматаев Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Медициналық-профилактикалық ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2007-2019 жылдары Аққайың ауданы бойынша санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бас маманы, одан әрі бастығы және ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Көшбасов осы департамент басшысының орынбасары лауазымына ауысқан еді.

Соңғы жаңалықтар