#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркі академиясы: Президент мақаласына ғылыми дәйек келтірілді

Елордада «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен «Түркі әлемі: тарихи-мәдени Атлас» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Елордада «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен «Түркі әлемі: тарихи-мәдени Атлас» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің айтуынша, атлас Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылып шығарылған. Жинақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысөзімен шыққан. Сонымен бірге әйгілі саяхатшылар мен жиһанкездер дайындаған көне карталар мен ата-бабаларымыздың мол мұрасын көрсететін маңызды мәліметтермен толықтырылған.

«Таяуда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы шыққаны белгілі, сонымен тұстас келуінің де мәні зор деп есептейміз. Себебі мақалада Президент бізге бұл жерді ешкім сыйға тартқан жоқ деп айтты. Бүгінгі атлас − оның жарқын айғағы. Өйткені атласта 200-ден астам карта мен тарихи құжаттар бар және осы географиялық аумақтағы тарихи-мәдени жетістіктерді паш етеді. Жалпы атлас Елбасының алғысөзімен шықты және Елбасының Түркі кеңесі саммитінде берген тапсырмасы негізінде жарық көрді», деді Дархан Қыдырәлі.

Бұдан өзге, халықаралық конференцияда ТүркПА ұйымының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов оқырманға жол тартқан басылымды жоғары бағалап, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бағдарламалық мақаласындағы орамды ойлардың тарихы ортақ бауырлас елдер үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

Ал Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжы қазіргі Сібір, Моңғолия жерлерінен Қара теңіз бен Жерорта теңізіне дейінгі алып аумақты қоныстаған түркі халықтарының мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан бірегей мәдениетіне тоқталды.

«Бүгінде жеті түркі мемлекетінің байрағы асқақ рухпен желбіреп тұр. Енді оларды ешкім құлата алмайды», деді бейнебайланыс арқылы баяндама жасаған Х.Акынжы.

Өз кезегінде Әзербайжанның алғашқы Үкімет басшысы Гасан Гасанов жиын қатысушыларын алғашқы тарихи-мәдени атластың жарық көруімен құттықтап, Халықаралық Түркі академиясына ризашылығын білдірді.

Одан бөлек, алқалы жиынға Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Коджаман, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, Франкфурт университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невская және өзге де түркітанушы ғалымдар мен сарапшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...